Мақпал Жүнісованың отбасындағы қуанышқа ортақтасып жатыр. Өнер иесінің жиені, әнші Арманай Мұхамедиярова үшінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл қуанышты жаңалықты Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі жиенінің перзентханада түскен суретін жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Бүгін өте керемет күн. Туған әпкемнің қызы Арманай аман-есен босанды, тәтті қыз келді, баршаңызға бұйырта берсін», — деп жазды Жүнісова.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызын құттықтап, анасы мен баласына ақ тілегін жаудырды.
«Бауы берік болсын», «Қандай керемет жаңалық. Анасы мен баласы аман болсын, өмір жастары ұзақ болсын», «Балапанның бауы берік болсын, үлкен азаматша болсын», «Сіздей көпке сыйлы тұлға болып өсе берсін», Қуанышыңызға ортақпыз», «Өнер саласын бағындырар қыз болсын», — деп жазуда көпшілік.
ПІКІР ЖАЗУ