«Сыйлық алған жоқпын»: Олимпиаданың қола жүлдегері ешқандай сыйлық алмағанын айтты

Фото: Charles McQuillan/Getty Images

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөленбегенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.

“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын», — деді спортшы.

Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей