Әбіләзов БТА банкке 7,1 миллион доллар қаржы төлеуге тиіс

Нью-Йорк Жоғарғы соты Мұхтар Әбіләзовті БТА банкке 7,1 миллион доллардан астам қаражат төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды «ozgeris.info» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— АҚШ пен Англия соттары Мұхтар Әбіләзовтің БТА-ға қарсы ауқымды алаяқтық схеманы жүзеге асырудағы рөлін таныды. Бұл дерекке күмән келтіруге болмайды және БТА Әбіләзов жасырын пайдаланған  тұлғалар  мен компаниялардан ұрланған миллиардтарды іздеуге және өндіруге тырысуда, – деді БТА заңгері Мэттью Л. Шварц.

Мұхтар Әбіләзов Қазақстанда БТА банкінен миллиардтаған долларды жымқырды деген айыппен сотталып, сот үкімімен оның бақылауындағы ұйымдар жалған несиелер сериясы арқылы бүкіл әлем бойынша жылыстатылған. 2012 және 2013 жылдары БТА оған қатысты ағылшын соттарында осындай шешімдерді алып, ол оларды орындаудан бас тартқан.

Айта кету керек,  Әбіләзов құрған ҚДТ қозғалысы Қазақстанда экстремистік деп танылған болатын. Әбіләзов ұйымдастырған бейбіт шерулерге қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

«ozgeris.info»