Елена Рыбакина бронхитінен жазылып жарысқа келді

Фото: ашық желілерден

АҚШ-тағы WTA сериясына кіретін Цинциннати турнирінің Instagram-аккаунты қазақстандық теннисші  Елена Рыбакинаның дайындық кезіндегі видеосын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Елена Рыбакина жаттығу процесін шеберлік деңгейіне жеткізіп отыр. Биылғы маусымда Елена Қазақстанға Cincinnati Open титулын алып кете ала ма?» — деп жазды парақша. 

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиадаға қатысудан бас тартқан еді. Түркияда балмұздақ жеп жүрген теннисші Париждегі жарысқа бір күн қалғанда бронхит болып ауырып қалғанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін желіде теннисшіге көп хейт болды.

Цинциннати турнирі 12 тамызда басталады.