Қостанайда жас жігіт 62 жастағы анасы мен әпкесін пышақтап тастады

Қостанай
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының тұрғыны анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қостанай облысында 21 жастағы жігіт өзінің 62 жастағы анасы мен 37 жастағы әпкесін пышақпен жаралаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды. «Екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.