«Даниярдан кейін алтын көмедік»: Спорт журналисі Бокс федерациясының жұмысына қынжылды

Фото: instagram/kazhenov.aslan

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов соңғы жылдары Олимпиададан жүлде бұйырмаған қазақ спортшыларының дайындығы сылбыр екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«8 жыл өтіпті ғой. Осы аралықта небір чемпиондар шығуы керек еді. Небір жаңа есімдер пайда болуы қажет еді. Өкінішті. Пауза тым ұзаққа созылып кетті…», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Айтжанов Олимпиадада боксшылардың жеңіске жету үшін барын салғанын атап өтті.

«Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге  іліге алмай қалды. Париждегі ойындарда бізге алтын бұйырмады. Бірақ жігіттерге еш реніш жоқ. Көпшілік сынағандай шаршамады, барын салды. Ешкім де жеңісті қолдан бермеді», — деді бапкер.