«Еңсеңді биік ұста, батыр»: Геннадий Головкин Нұрбек Оралбайға қолдау көрсетті

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбайды жігерлендіріп, қолдау көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Күміс құтты болсын. Алар асу әлі алда. Еңсеңді биік ұста, батыр. Барлығы алда екенін өз тәжірибемнен білемін», — деп жазды ол өзінің ınstagram парақшасында.

Желі қолданушылары да күміс жүлдегерге қолдау көрсеткен.

«Сіздің қолдауыңыз өте қажет спортшыларымызға. Алдағы жарыстарда да қастарында болып, демеп, күш, рух беріңіз. Сен біз үшін чемпионсың, Нұрбек. Аянбай өнер көрсеттің. Біз сенімен мақтанамыз», — деп жазды олар.

Еске салайық, Париж олимпиадасында алтын үшін таласта Нұрбек Оралбай украиндық Александр Хижняктан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге иеленді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!