Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында байдаркада ескек есуден 1000 метр қашықтықтағы ширек финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Аталған сында жарысқа түскен отандасымыз Сергей Емельянов өз тобында 3:59.68 уақыт нәтижесін көрсетіп, 3-орынға тұрақтады. Ал жартылай финалға тек үздік 2 спортшы ғана жолдама алды.
Сонымен қатар каноэде ескек есуден 1000 метрде сынға түскен Бекарыс Раматулла да ширек финалда 5-орын алып (уақыт көрсеткіш — 3:45.77), жартылай финалға шыға алмады.
Осылайша екі спортшымыз да Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады.
Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен сынға түсуде. Нақтырақ айтсақ, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғауда.
Қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медалі бар.
ПІКІР ЖАЗУ