Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апаты туралы тың ақпарат шықты. Көлікте тағы екі баланың болғаны анықталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ақтөбедегі жол апаты кезінде қаза тапқан оқушы саны 5-ке жетті.
— Бүгін таңертең Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен Toyota-Ipsum автокөлігі соқтығысып, 6 адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Қазіргі кезде көлік салонынан тағы екі баланың денесі шығарылды. Нәтижесінде апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты. Жол апаты болған жерде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр жатыр,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, 7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында жол-көлік апаты болды.
ПІКІР ЖАЗУ