Тхэквондошы Самирхон Абабакиров Олимпиада ойындарының ширек финалына шыға алмады

Фото: ҰОК

Қазақстандық Самирхон Абабакиров тхэквондодан 1/8 финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Самирхон Абабакиров тхэквондодан италиялық Вито Дель Аквиламен кездесті. Бірінші раундта Самирхон 12:6 есебімен жеңсе, екінші раундта 4:3 есебімен жеңіліп қалды. Соңғы раундта Самирхон Абабакиров 4:0 есебімен жеңе тұрып, соңғы 10 секундта 7:4 есебімен жеңіліп қалды.