Париж-2024: қазақ спортшысы құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын орнатты

Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын орнатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынады.

Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтті. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады.

Маймұратов бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89.

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын орнатқан болатын.

Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасуда.