Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовпен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді.
ПІКІР ЖАЗУ