Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз бірінші белдесуінде колумбиялық Джейр Куеро Муньосты жарыс жолынан шығарды.
Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақта боз кілемге шыққан отандасымыз Олимпиаданы сәтті бастады. Қарсыласын 9:0 есебімен айқын жеңіп шықты.
Ширек финалда Демеу Жадыраев қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен белдеседі. Қарсыласы екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
ПІКІР ЖАЗУ