Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады, деп жазады Tengri Travel.
Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам — қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ