«Тағы да ана атандым»: Баян Мақсатқызы балалы болды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы балалы болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Біз сені ұзақ күттік. Үш келілік бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова… Тұрсынғалиқызы», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Баянға баянды бақыт тілеп, жақсы сөздерін жарыса жазып жатыр.

«Ең бақыттысы өзің бол», «Бауы берік болсын», «Ура», «Жаным, сендер үшін қуаныштымын», «Суррогат ананың көмегіне жүгінген шығар», «Қашан көтерген еді?», — деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер осы қаңтарда 50 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп тойлаған еді.