Боксшы Сәкен Бибосынов өзбектандық боксшы Хасанбой Дусматовқа жеңілген соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов кездесу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Жалпы, Олимпиада бізге өте сәтсіз болды. Жігіттердің барлығы ұятқа қалдырып, нашар бокстасқан жоқ. Сол себептен біреуді кінәламаймыз. Жігіттердің барлығы барын салды. Бұл – Олимпиада, оңай қарсылас жоқ. Жеңіс бізге бұйырмады. Оны айта алмаймыз. Бірақ көзге көрініп тұр ғой. Енді жеңісті бермесе, не істейсің?!» – дейді ол.
ПІКІР ЖАЗУ