Ішкі істер министрлігі халықаралық және қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктерді тонап жүрген топты ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Алматы облысының аумағында 5 адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті. Олар ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы қылмыстық схеманы жолға қойған.
«Қаскөйлер ұрлап әкеткен 6 көлік иелеріне қайтарылды. Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», — деп хабарлады ПД.
ІІМ алаяқтардың алдау тәсілі туралы айтты:
- көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулар бойынша хабарласу
- тасымалдау қызметін ұсыну
- тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстыру
- екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды арту.
ПІКІР ЖАЗУ