Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2024 жылғы Париж Олимпиадасы аясында ширек финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл кезеңде 63,5 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Лаша Гурули қарсылас атанды. Бұған дейін Грузияның боксшысы 2021, 2023 жылдары әлем чемпионатында қола алып, 2022, 2024 жылдары Еуропа чемпионатында күміс иеленген болатын.
Бірінші раундты судьялар Мұхаммедсабырға берді — 5:0. Екінші үш минутты Лаша Гурули алды — 5:0. Соңғы раундта Грузиялық боксшы жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Нәтижесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2:3 есебімен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліске ұшырады.
ПІКІР ЖАЗУ