Журналист Александра Мыскина «Қазақстан — менің Жерұйығым» атты флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл туралы ол фейсбук желісінде жазды.
«Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдері! Ақпараттық соғыс арқылы көпұлтты Қазақстандағы бейбіт өмірдің бұзылуына жол бермейміз. Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз! Қазақстандағы орыстарды әлдекімдер неден құтқармақ? Аста-төк дастархан мен балаларды шақалақ кезінен баққан әжелердің ыстық құшағынан ба? Ұлы қазақ халқының өлшеусіз мейірімділігі мен даналығынан ба? Біз қазақ тілін үйренуге дайынбыз және үйреніп те жатырмыз. Өйткені шын жүрекпен, жан дүниемізбен қазақ ұлтын жақсы көреміз. Жаңа мектептердің есіктерін айқара ашып жатқанына қуаныштымыз және олардың қазақ тілді екені біз үшін проблема емес! Бастысы, Ы.Алтынсарин айтпақшы, «Кел, балалар, оқылық!» Біз балаларымыз бейбітшілікте білім алғанын қалаймыз. «Қазақстан менің Жерұйығым» атты флешмобын бастаймын», — деп жазды ол.
Әлеуметтік желілерде орыс қызының бұл бастамасын қолдап, Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен қазақ ұлтына деген алғысын білдіріп жатқандар жетерлік. Желі қолдаушылары журналистің бұл флешмобына ерекше қолдау білдіруде.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ