Париж Олимпиадасында бокстан 51 килоға дейінгі салмақта қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматов жұдырықтасады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ширек финалдағы жекпе-жек 2 тамыз күні өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 21:20-ға жоспарланған. Кездесуді қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады.
Айта кетейік, екі боксшының өзара кездесулер саны бойынша 2:1 нәтижесімен өзбекстандық алда тұр.
ПІКІР ЖАЗУ