Қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Махмұд Сабырхан 1/8 финалда испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
«Бірінші раундта испаниялыққа 5:0 есебімен жеңісті беріп жіберді. Сол бірінші раунд бәрін құртты. Бірінші раундта жеңгендей болып едім. Екінші кезеңде де жеңдім ба деп едім, оны да қарсыласқа берді. Үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым, бар күшімді салдым», — деді Махмұд «Хабар» агенттігіне берген сұқбатында.
Бұған дейін 57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан испан боксшысы Хосе Квилеске жол бергенін жазған едік.
ПІКІР ЖАЗУ