Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, хабарлайды Ozgeris.info.
“Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқық бұзушылық және ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам тараптар татуласса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын атап өтті.
Еске салсақ, 2023 жылдың шілде айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен төбелес болған еді. Желідегі төбелестің видеосы тарады. Видеодан Шүменовтың қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққанын көруге болады.
Кейін Шүменовке қолында баласы бар шетел азаматын соққыға жыққаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Алайда жуырда полиция Шүменовке қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді.
ПІКІР ЖАЗУ