«Майқайыңалтын» апаты. Сот шешімі шықты

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысында шұңқырға құлап кеткен автобус апатына «Майқайыңалтын» кен орны кінәлі екені расталды. Бұл туралы бүгін, 30 шілдеде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жазатайым оқиға жұмыс уақытында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде болған. Актімен жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз анықталды»,—делінген хабарламада.

Алайда «Майқайыңалтын» АҚ жазатайым оқиғада өзінің кінәсін жоққа шығарып, бұл актіні даулаған.

Жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне құлауы және «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан болғаны анықталды.

«Сот арнайы комиссия актіде «Майқайыңалтын» кен орнының 100% кінәсін негізді түрде көрсетті деген қорытындыға келді, өйткені болған жазатайым оқиға талапкердің өндірістік қызметімен тікелей байланысты болып отыр»,—делінген хабарламада.

Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал «Майқайыңалтын»талабы қанағаттандырылмады.

Еске салайық, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Салдарынан 4 құтқарушы қаза тапты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите