Голливудтық контент интернет-кинотеатрлардан жоғалып кетуі мүмкін

АҚШ-тың шектеулер енгізуіне байланысты голливудтық контент ресейлік интернет-кинотеатрлардан жоғалып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «ozgeris.info» «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Бұл туралы TelecomDaily ақпараттық-сараптамалық агенттігінің бас директоры Денис Кусков мәлімдеді.

— Негізгі мәселе — иелері Голливудтық контентті онлайн кинотеатрларда көрсету мүмкіндігінен бас тарта ма?  — деді Кусков.

Оның айтуынша, жазылым келісім-шартты бұзу арқылы жойылуы мүмкін немесе Украинадағы арнайы операция тоқтамаса, жылдың соңында жай ғана ұзартылмауы мүмкін.

Жексенбі күні Variety компания өкіліне сілтеме жасай отырып, Netflix қызметі Ресейдегі жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Ал Қазақстандағы Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісі 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап белгісіз мерзімге жабылатын болды.

 

 «ozgeris.info».


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...