«Күніне төрт сағат»: Илья Ильин қазақ тілін үйренуге шындап кірісті

Фото: forbes.kz

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин қазақ тілін үйренудің екінші кезеңіне көшкенін айтты. Осылайша Парижде өтіп жатқан дүбірлі додада төбе көрсетпесе де, желі қолданушыларын өзіне қаратты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ол бұл жаңалығымен TikTok желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Ассалаумағалейкүм, құрметті достар! Барлықтарыңызға жақсы апта тілеймін! Көңіл-күй қалай? Менде бәрі жақсы. Мен осы аптада мақсат қойдым. Сіздер мақсаттарыңызды қойдыңыздар ма? Айтыңыздаршы. Мен өте қуанышты боламын. Тағы бір рет сіздерге жақсы апта тілеймін», — дейді ол.

Илья Ильин күніне уақытының төрт сағатын кітапқа арнап, «Чемпион» атты туындыны оқуды жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар бес жаттығу өткізіп, салмағын 95 келіде ұстап тұрғысы келетінін жасырмады.