Олимпиада-2024: Александр Бублик қазақстандықтардан кешірім сұрады

Александр Бублик
Фото: Reuters

Теннисші Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын», — деді спортшы.

Париж кортында жарысқа түскен Александр Бублик пен Александр Недовесов жеңіліп қалды. Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына есе жіберді.

«Сашамен (Недовесов — ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес», — деді Бублик.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей