Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы айқасында алжирлік қарсыласы Чайма Бенадуданы жеңді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Есеп: 15-9. Отандасымыздың 1/16 кезеңдегі қарсыласы — француз Манон Брюне (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы).
Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген. Әйгерім семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.
ПІКІР ЖАЗУ