Боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Боксшының пікірі Qazaqstan ұлттық арнасының Telegram парақшасында жарияланды.
«Олимпиада ойындарына әлемнің үздік 16 боксшысы келеді. Әр қарсыласқа жеке әдіс-тәсіл қолданып, дайындаламыз. Бұл жерде осал қарсылас та жоқ. Бірінші жекпе-жек ойдағыдай өтті. Рингты, қарсыласты, залды сезініп, үш раунд жақсы жұмыс істедім. Ел үмітін ақтауға тырысамын. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», — деді боксшы Айбек Оралбай.
Айта кетейік, 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз нигериялық Олайтан Адам Олаоремен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (30:26, 30:26, 30:26) жеңіске жеткен болатын. Осылайша, боксшымыз ширек финалға жолдама алды.
ПІКІР ЖАЗУ