Қызылордада полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Фото: polisia.kz

Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полицейді балағаттаған жасөспірімге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, жасөспірім 20 маусымда сағат 14:00 шамасында Камалов көшесі бойында полиция қызметкерін балағаттаған. Баланың анасы кінәсін мойындап, алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбайтынын, соттан және инспектордан кешірім сұрайтынын айтты.

Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18 мың 91 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...