«Көбі Жәнібекті үздік санайды»: шетелдік журналист Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

We Like Sportz Show журналисі Серхан Дайи қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының жағдайы туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Ozgeris.Info тілшісі  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көбі Жәнібекті өз салмағында үздік деп санайды. Ол бұған дейін осы дивизиондағы бірде-бір жекпе-жегінде салмақ өлшеу рәсімінен өткен емес. Бұл кейінге қалдырудың өкінішті жері, ол әлі күнге дейін 2024 жылы жекпе-жек өткізбеді және өз дивизионындағы үздіктердің бірі саналатын адам үшін бұл артқа жасалған қадам деп санауға болады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасуы керек еді, бірақ салмақ қуудағы сәтсіздігінен денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.