Серуенге шыққан павлодарлық табытпен оралды

Фото: Pixabay.com

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды. Жарақат алған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 шілдеде 04:34-те М.Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің бұрышында ер адамға пышақ сұққаны туралы хабарлама түскен.

35 жастағы тұрғын кеудесінен жарақат алып, ауыр жағдайда Сұлтанов атындағы ауруханасына жеткізілген. Сол жерде ер адам қайтыс болды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.