Ақтауда алименттен жалтарған әке cотталды

сот
Фото: rg.ru

Ақтауда алименттен жалтарған әке бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қала прокуратурасының мәліметінше, берешегі 3 млн теңгеден асатын ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оның нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

2024 жылғы 5 шілдедегі соттың үкімімен оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.