«Қыз-ау» дегендерің дұрыс»: Мақпал Жүнісова өзін кемпір деп атамауды сұрады

Фото: el.kz

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп өзін кемпір деп атайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің айтуынша, кемпір дегенді шалы бар адамдар айтатын көрінеді.

“Бізді кемпір деп айтып қалып жатқандарды көреміз. Шалы бар әйелдерді кемпір десе жарасады. Оның үстіне шалы да, “Әй, кемпірім” деп шақырады. Біздің күйеуіміз жоқ. Сондықтан бізді “Қыз-ау” дегендерің дұрыс. Сол сөз де өзімізге ұнайды”, – деді әнші.

Сондай-ақ халық әртісі ойланбай сөйлеп, көңілге қаяу түсіретіндерге де пікір арқылы үндеу жолдады.

“Ауыз өзімдікі деп айтады ғой. Мысалы, менде де ауыз бар, жанымнан өтіп бара жатқан әр замандасқа “әй кемпір” десем дұрыс болмайды. Мені сол үшін балағаттауы да мүмкін. Мен ішімнен ғана тынамын да қоямын әйтеуір”, – деп ренішін жасырмады әнші.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец