Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңге жымқырған

Казпочта
Фото: Kazpost

Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік қызметтер көрсетілгені үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдары паспорт және жеке куәлік рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденгені анықталды.

Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Тергеу жалғасып жатыр.

Қаржы мониторингі агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит