Төрт күннен кейін төрткүл дүние көз тіккен XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстандық жанкүйерлер асыға күтетін бокс бәсекелерінің кестесі жарияланып үлгерді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта жүлдеге таласады.
2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан алдын ала жарыс кестесі:
27 шілде
1/16 финал
63,5 келі (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
28 шілде
1/16 финал
57 келі (ерлер) – Махмұд Сабырхан;
71 келі (ерлер) — Асланбек Шымбергенов;
50 келі (әйелдер) — Назым Қызайбай;
92 келі (ерлер) — Айбек Оралбай.
29 шілде
1/8 финал
63,5 келі (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (өтсе);
+92 келі (ерлер) — Қамшыбек Қоңқабаев
30 шілде
1/16 финал
57 келі (әйелдер) — Карина Ибрагимова.
1/8 финал
51 келі (ерлер) — Сәкен Бибосынов;
80 келі (ерлер) — Нұрбек Оралбай.
31 шілде
1/8 финал
57 келі (ерлер) — Махмұд Сабырхан (өтсе);
71 келі (ерлер) — Асланбек Шымбергенов (өтсе);
75 келі (әйелдер) — Валентина Хальзова.
1 тамыз
1/8 финал
50 келі (әйелдер) — Назым Қызайбай (өтсе).
Бұдан кейін келесі кезең жекпе-жектері басталады.
ПІКІР ЖАЗУ