50 адам болған: Қазақстаннан Моңғолияға бағыт алған автобус өртеніп кетті

Фото: Ресей ТЖМ

Астанадан Моңғолияның Баян-Өлгейге қаласына бағыт алған рейстік автобус 20 шілдеде Ресейдегі тас жолда түгі қалмай өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ресейдің Алтай Республикасы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға Оңғұдай ауданында болған.

«Сағат 06:13-те «Шу трактісі» Р-256 автожолының 720 шақырымында Астана (Қазақстан Республикасы) – Баян-өлгей (Моңғолия Республикасы) бағыты бойынша жүретін рейстік автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 50 адам болған, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өздігінен эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Бұдан бөлек төтенше жағлайлар министрлігі сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері барғанын мәлімдеді.

«Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді», – деді ТЖМ баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…