Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімде жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Құрметті қауым! Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиллым мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды. Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды. Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды», – деді министр Қанат Шарлапаев.
Айта кетейік, 15 шілдеде Алматыда утиль алымы мәселелері жөніндегі петиция бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын.
ПІКІР ЖАЗУ