Ақтөбе облысында полиция дүкеннен телефондарды қолды қылған сатушыны ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полицияға тұрмыстық техниканы сататын дүкеннің директоры жүгінді. Оның айтуынша, бірнеше ай ішінде дүкеннен үш ІPhone 15 pro телефоны ұрланған. Жалпы шығын 1,5 миллион теңгеден асты.
«Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері дүкен сатушысының ұрлық жасағанын анықтады. 21 жастағы күдіктінің ұрланған телефондарын ломбардқа тапсырғаны анықталып, жедел-тергеу тобы телефондарды тәркіледі», – деп хабарлады полицияда.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ