Қазақстанда бензин бағасы өсе ме – Энергетика министрі жауап берді

бензин
Фото: Shutterstock

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баспасөз мәслихатында Қазақстанда бензин бағасы қандай жағдайда көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Министр жанармай құнын қаншалықты шекте арттыруға болатынын алдын ала модельдегенін алға тартты.

«Жанармайдың нарыққа қолжетімділігіне тікелей тәуелділікке назар аудардық. Яғни, бағаның өсу факторлы өнім тапшы болған жағдайда ғана көрініс табады. Қазіргі уақыттанарықта тапшылық факторлары мүлдем жоқ. Біз қор құрдық, профицит бар.  Сонымен қатар, біз өнімнің шамадан тыс көбеюіне жол бермеу үшін биыл қыста зауыттың жұмысын сәл тоқтаттық. Яғни, қазір бізде абсолютті профицит бар. Сондықтан баға күрт өсетіндей факторлар жоқ», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, қысқа мерзімде өсу 1 теңгеден максимум 5 теңгеге дейін болуы мүмкін.

«Нарық көрсетеді. Қазір айтарлықтай әсер ететін өсу факторлары жоқ», — деді Сәтқалиев.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...