Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видеоролик түсірді және оны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Видеода Андрей асфальтқа «JANIBEK» деп жазып, оның жанында би билейді. Кейін жазудың үстіне ұнтақ шашып, артынша су құяды. Видео соңында ол өз отбасымен билеп, экранға «Аталған видеоны түсіруде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу шықты.
Жәнібек Әлімханұлының жанкүйерлеріне бұл видео ұнамаған тәрізді.
«Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», «Өзіне көп алады», «Нокаутқа құлайтын бала осылай құтырады», – деп жазды желі қолданушылары видеоның астына.
Айта кетейік, қос боксшы 14 шілдеде АҚШ-та жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмағын қуам деп, ауруханадан бір-ақ шыққан. Сол себепті жекпе-жек өтпейтін болды. Өз кезегінде жаңазеландиялықтың командасы наразылығын білдіріп, Жәнібекті қос титулынан айыруды талап етті.
Кейіннен Жәнібек Әлімханұлы 2-3 айда рингке оралатынын, орта салмақтан ешқайда ауыспайтынын мәлімдеді.
ПІКІР ЖАЗУ