Головкин шаршы алаңға қашан шығатынын айтты

Фото: Erick W. Rasco /Sports Illustrated/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мансабын аяқтау жайлы сұраққа жауап берді. Спортшы ұсыныс болса, әлі де жекпе-жекке шығуға дайын екенін хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

«Мен зейнетте емеспін. Отбасыммен өткізіп жүрген уақыттан ләззәт алып жүрмін. Менде қазір жаңа жұмыс бар, спорт саласында жүрмін, бұл маған ұнайды. Бірақ мен ешқашан мансабымды аяқтағанымды айтқан емеспін. Мен үшін өмір деген сәттерден тұрады, егер қандай да бір мүмкіндік пайда болып, сәті түссе рингке оралуым бек мүмкін», — дейді GGG LA Times-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, 42 жастағы боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында жекпе-жек өткізді. Онда төрешілер шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альвареске жол берді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...