Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған.
«Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды», — деп хабарлайды агенттік.
Сот сараптамасы оның жұтып қойған заты – 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді екенін анықтаған. Қазір күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды.
ПІКІР ЖАЗУ