«Баранавирус»: Желіде қойдың көмегімен адам емдеген емшінің видеосы тарады

Фото: видеодан скриншот

Желіде қоймен адамдарды емдеген емшінің видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Видео емшінің үйінің ауласында түсірілген. Емге келген адамдардың қарасы көп. Олар қойдың емдік күші бар екеніне сенімді. Емделушілер қойдың астынан жорғалап өтулері керек. Жерге ешнәрсе төселмегенін байқауға болады.

«Қойдың астынан жорғалап өтетін болсаң барлық ауруың жоқ болады. Адамдар топ-тобымен келіп жатыр», – дейді видео авторлары.

Емшінің айтқан сөздері де желідегілердің наразылығын тудырды. Кадрларда емші әже: «Егер қойдың астынан өтпесең, Алла сені ұмытады», деп жас қызды көндірген.

Желі қолданушылары бұл емдеу әдісіне таң қалды.

«Қорыққаннан аурудан айығып кететін сияқтысың”, «Қорқынышты», «Баранавирус», «Идея кімнен шықса да, өте жақсы бизнеске айналдырған», – деп жазады желідегілер.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы ақпар тараған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...