Молдалар мен имамдар қазақтің әдет-ғұрпына соқтықпаса жүре алмайды. Олар апта сайын бір жаңалық шығарып, ел ішін алатайдай бүлдіреді де жүреді. Бұл жолы Нұралы атты ұстаз қазақтың бал қымызына шүйлігіп, айды аспанға бірақ шығарды. Жамағатқа уағыз айтып отырған имам-молданың қазақтың бал қымызына қатысты айтқан пәтуәсі әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігіне сілтеме жасаған Ozgeris.info.
Жамағатқа уағыз айтып отырған әлгі ұстаз, қымыз мас қылса, қолыңды төбеге қойып қашып кету керек дейді.
«Сол бал қымызды ішіп отырған жігіттер маған «звондап» жатыр. «Ұстаз, мына бал қымыз жайлы не айтасыз?», – дейді. Мен білмеймін, бал қымызды өзім біріншіден көрген жоқпын. Сөйтсем, «ұстаз, қазір мынаны ішіп алып, бір-бірімізге әңгіме айтып отырмыз» дейді әлгі жігіттер. Кәдімгі мас болып отырғанын айтып отыр. Құтты болсын дедім. Ондайға жоламағаның дұрыс, Аллаһ сұбханалла. Қымыздың өзін ашытсаңыз проблема жоқ. Егер мас қылатын болса ондай қымыздан, екі қолыңды төбеге қойып, қашып кету керек қой. Ішіп алып, аты қымыз, заты арақ болып жатса ол болмайды», – деді Нұралы ұстаз аталып кеткен молда.
Бабалар ішкен бал қымыздың қадір-қасиетін білмейтін уағызшыл ұстаздың ақыл-кеңесі тағы да сынға ұшырады.
«Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз», – деп Жамбыл Жабаевтар жырлаған қымыз қырық дертке ем.
Ал, әлгі молда көрмеген, білмеген, безіп кету керек деген «Бал» қымызды қазақтар бал, қант, өрік-мейіз қосып та пісірген. Бал қымызды көбіне сырқат адамға, балаларға, сондай-ақ, жас босанған әйелдерге берген.
ПІКІР ЖАЗУ