«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры «Казуглепроф» көміршілер кәсіп одағының кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Казуглепроф» көмір өндірушілердің өнеркәсіптік кәсіподақ ұйымы Сізден заңнамаға жер астында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді сұрайды.
Қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке тек 55 жастан бастап қана шығу мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.
Петицияны әзірлеуді «Казуглепроф» көміршілер салалық кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов көтерді. М.Мирғаязов – Қазақстандағы беделді кәсіподақ қызметкері, ол жылдар бойы кеншілердің құқығын қорғап келеді. Ол басқаратын ұйым «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының серіктесі.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанның өңірлеріндегі барлық жанашыр азаматтарды петицияны қолдауға шақырады.
Қордың мақсаты – еңбек адамының құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті орнату. Кеншілермен ниетіміз бір және біз көміршілердің еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін барлық заңды құралдармен күресуге дайынбыз.
Біз барлық жанашыр қазақстандықты осы бастаманы қолдауға шақырамыз.
Біздің қатарымызға қосылыңыз – әділ Қазақстан үшін, еңбек адамының құқығы үшін бірге күресейік!
ПІКІР ЖАЗУ