«33 мың долларға жасатқан»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің сыйлығын көрсетті

Мақпал Жүнісова
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған 33 мың доллар тұратын бас киімін көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», — деді Мақпал Жүнісова видеода бас киімін көрсетіп жатып.

Әнші бұл бас киімін тек Алматыда киеді екен. Салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаға тасып жүру қиындық туғызады. Мақпал Жүнісова тіпті бұл бас киімі «қолды болып кете ме, біреу ұрлап кете ме» деп уайымдайтынын да жасырмады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Аiym (@aiym_kenzhalieva)