Атырауда үкімет ғимараты шегірткелердің астында қалды

Видеодан скриншоттар

Атырау қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ғимаратына шегірткелер шабуыл жасады. Алайда жәндіктер шенеуніктерді алаңдатпайтын секілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде ғимаратты басқан жәндіктердің видеосы тарады. Онда шегірткелер ғимараттың қабырғаларында жорғалап жүр.

Атырау әкімдігі видеодағы ғимаратта жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметкерлері отыратынын айтты.

«Бұған дейін ауылдық округтерде 2350 гектар аумақта шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл шегіртке былтырғыға қарағанда көп – кей жерлерде су жайылмалық жерлердің төменгі бөлігіне жетіп, жазықты басып қалды. Сондай-ақ қала аумағындағы жасыл желектерді өңдеу оң нәтиже береді», – деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Шенеуніктер шегірткелердің қазір қала тұрғындарына еш қиындық келтірмейтінін атап өтті.