Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға байланысты сәтсіздіктен кейін жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қолдауларыңызға рахмет! Қазір жағдайым жақсы. Бірнеше аптадан кейін қалпыма келіп, ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда аяқталмаған шаруаларым бар! Адамес пен Лара, тойлауға асықпаңдар. Мен орта салмақта жұдырықтасып, барлық төрт титулды иеленемін, иншааллах! Менде салмақ мәселесі туындаған кезде барлық орта салмақтағы боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекені бұзғаным үшін кешіріңдер! Патша қайтып оралды және орта салмақтағы дивизионды басқарады!», — деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында.
Естеріңізе сала кетейік, Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде ауруханаға түсіп қалды. Ол салмақ қуам деп есінен танып қалған еді.
ПІКІР ЖАЗУ