Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда 9,8 миллион әйел тұрады. Соның ішінде 6 миллионға жуығы – қала, ал қалғаны – ауыл тұрғыны, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Қазақстандық әйелдің орташа жасы 33,5 жас болса, некеге тұру жасы – 24,8 жас. Орташа өмір сүру ұзақтығы — 75,5 жас.
2021 жылғы төртінші тоқсандағы деректерге сүйенсек, әйелдер көбіне білім, бизнес және әкімшілік, сауда, қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.
Сондай-ақ бүгінде әйелдер мемлекеттік басқару органдарында да қызмет етуде. Атап айтсақ, елімізде 9 сенат депутаты, 28 мәжіліс депутаты, 1 министр және 1 облыс әкімі бар.
Айта кету керек, Қазақстанда ерлер саны 9,3 миллионды құрайды.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ