Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды, — делінген полиция хабарламасында.
Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін де ескертеді.
ПІКІР ЖАЗУ